Тараз қаласындағы көшелердің біріне мемлекеттік тудың авторы, белгілі суретші Шәкен Ниязбековтің аты берілді. Бұл туралы Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ел тарихына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның атын ұлықтау туралы бұл бастама қоғам белсенділері тарапынан бірнеше жыл бойы көтеріліп, нәтижесінде оң шешімін тапты", — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, таяу уақытта суретшінің есімі қаладағы мектеп-гимназияға да берілмек. Қазіргі таңда аталған білім ордасында Шәкен Ниязбековтің бюсті қойылған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз