Алматыда шағын және орта бизнес саласында 1 миллионнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, ШОБ қала экономикасының шамамен 60 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 387 мыңға жетіп, бір жылда 9,4 пайызға өскен. Өндірілген өнім көлемі 21 пайызға артып, 13,2 трлн теңгені құраған.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2025 жылы бюджеттен 50,8 млрд теңге бөлініп, 1 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілген.