Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына 2025 жылғы 18 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланғанын ескертіп, мәлімедеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Төтеншеліктер ертең, 18 желтоқсанда Алматыда тұман мен көктайғақ болады деп күтілетінін еске салады.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына жолдарда мұқият болуға және айналаны қалың тұман басып, көріну деңгейі нашар кезеңде ұзақ сапарға шығудан аулақ болуға кеңес беріледі", делінген хабарламада.

ТЖД көктайғақ кезінде мына жайттарды назарда ұстауды ұсынады:

  • ақырын жүріңіз, табанды бүтіндей жерге тигізіңіз;
  • шалт қозғалыстар мен асығыс әрекеттерден аулақ болыңыз;
  • табаны таймайтын аяқ-киім киіңіз;
  • қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, тепе-теңдікті ұстаңыз;
  • тайғақ жерлерді, әсіресе подъезд алды мен аялдамаларда абай болыңыз;
  • егде жастағы адамдардың таяқ пайдаланғаны жөн.

2025 жылғы 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар жауатыны болжанады.