Бас шыршаны жағу рәсімі Республика сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді.
Бүгін, 18 желтоқсанда сағат 19:00-де Алматының бас шыршасы жағылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, кеш аясында сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін көрермендерге арнап арнайы дайындалған ауқымды мерекелік шоу-бағдарлама ұсынылады.
Мерекелік кеш сахнасында Роза Рымбаева, "Жігіттер" тобы, Әли Оқапов, "KешYOU" тобы, Балжан Бидаш, Мәди Рымбаев, "ASTRA" тобы, Kodi сияқты танымал эстрада әншілері өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Абай алаңында кішкентай көрермендерді Аяз Ата мен Ақшақар, басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алып, керемет көңіл күй сыйлайды.