Жасөспірімнің қолынан қаза тапқан 4-сынып оқушысының ұлты – тәжік.


Осыған орай Тәжікстан сыртқы істер министрлігі қайғылы қазаны объективті түрде тергеуді талап етіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәскеу маңындағы Одинцово елді мекенінде 9-сынып оқушысы 4-сынып оқушысын аяусыз пышақтап өлтірген соң Тәжікстандағы Ресей елшілігіне наразылық нотасы жіберілді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, олар ұлттық араздыққа негізделген шабуыл сол жерде қаза тапқан тәжік азаматы Әлиев Кобилджонға қарсы қасақана жасалған деп айыптайды.

Сонымен қатар, Тәжікстанның СІМ ресейлік билік қылмыскерлердің барлығын заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуға шақырды. Тәжікстан Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода Ресей ІІМ басшысы Владимир Колокольцевпен телефон арқылы сөйлесіп, тергеудің дұрыс жүргізілуін сұрады. Колокольцев өз кезегінде тергеу жұмыстарының қатаң бақылауда екеніне сендірді.

Айта кетейік, сейсенбі күні Горки-2 елді мекеніндегі мектепте 9-сынып оқушысы 4-сынып оқушысын өлтіріп, күзетшіні жаралаған болатын.