Бибісара Асаубаева қазақстандық әйелдер арасында жылдың ең үздік шахматшысы атанды, деп хабарлайды 24KZ. Номинация KazChess Awards 2025 байқауында табысталды. Ол күні кеше елімізден шыққан екінші гроссмейстер атағын алған еді. Ал ерлерден Қазыбек Нөгербек ең «Үздік шахматшы» атанcа, Қазақстан әйелдер құрамасына жылдың «Үздік командасы» атағы бұйырды.

Жиында шахматшыларға бас-аяғы 14 номинация табысталды. Лауреаттар арасында әлем чемпиондары мен сенсация жасаған дебютанттар бар.

Бибісара Асаубаева, жылдың ең үздік шахматшысы:

- Біз былтыр шахмат әлемінде үздік көрсеткіштерге қол жеткіздік. Турнирлердің басым бөлігінде алдыңғы орындардан көріндік. Келесі жарыстарда бұдан да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жаңа жетістіктерге жетуге тырысамыз.

Айта кетейік, былтыр шахматшыларымыз халықаралық турнирлерде 160 медаль жеңіп алды. Оның 55-і алтын болса, 54-і күміс, қалғаны қола. Тіпті Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысып, екінші орын алған еді.

Меруерт Қамалиденова, шахматтан әйелдер құрамасының мүшесі:

- Шахмат қарқынды дамып жатыр. Басқа елдерге қарағанда біз үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз. Жастарымыз, әйелдер құрамасы үлкен дәрежеге жетті. Бізде қазір Лондонда командалар арасында әлем чемпионаты болады. Одан басқа, командалық жарыстардан өзіміздің жарыстар бар.