Ақпарат университеттің парақшасында жарияланды.


Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Құрметті профессоры атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Димаш Құдайбергеннің университет ұжымы және студенттермен кездесу сәті ЖОО-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Оған мәдениетті дамытуға, жастардың рухани тәрбиесіне қосқан үлесі және еліміздің халықаралық имиджін ілгерілетудегі еңбегі үшін ҚазҰМУ-дың Құрметті профессоры атағы табысталды.

"Сіздер өте қиын әрі жауапты жолды таңдадыңыздар. Медицина – қателікті кешірмейтін сала. Бұл үздіксіз ізденісті, өз-өзіңе талап қоя білуді қажет етеді. Меніңше, нағыз жұлдыздар – дәрігерлер. Олар күн сайын адам өмірін сақтап қалады", – деді Димаш.

Жазбада Димаш Құдайбергеннің университет студенттерінен құралған "Дала сазы" ұлттық аспаптар ансамблімен бірлесіп өнер көрсеткені де айтылған. Олар "Адай" күйін орындаған.