Елордада оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Алғырлар-2025: Идеямен болашаққа" атты байқау өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.


Сарыарқа ауданының прокуратурасы ұйымдастырған шараға 33 мектеп қатысты. 192 оқушы өз жобасын қорғады.

– Бұл өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді, – дейді ұйымдастырушылар.