Ертең Майамиде Газа секторындағы соғысты тоқтату бойынша келісімнің екінші кезеңін талқылауға қатысты кездесу өтеді.

Оған АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Стив Уиткофф пен Түркия, Қатар, Мысырдың өкілдері қатысады. Axios басылымы осылай деп мәлімдеді. Бұл қазан айында бейбітшілік келісіміне қол қойылғаннан кейінгі алғашқы кездесу болмақ. Мақсат – Израиль мен ХАМАС өз міндеттемелерін орындауы үшін келесі қадамдарды анықтау.