Токио губернаторының қазақ тілінде сөйлеген видеосын Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
Токио губернаторы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
- Токио губернаторы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты "Қош келдіңіз!" деп қазақ тілінде жылы шырай таныта қарсы алды, — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Астана әкімі мен Токио губернаторы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.