Батыс Қазақстан облысында бірнеше бала белгісіз заттан уланып, ауруханаға жатқызылды. Бәрі бір отбасынының балалары, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город"-қа сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, балалардың улануы туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Кейбір мәліметке сәйкес, балалар газдан уланған.
Батыс Қазақстан Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі улану туралы ақпарат 112 жедел жәрдем қызметіне түскенін хабарлады.
Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, балалар қазіргі уақытта медициналық бақылауда. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жағдайға кейінірек түсінік беруге уәде берді.
Балалардың нақты неден уланғаны әлі белгісіз. Қосымша мәліметтер тексерілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз