Үндістанда екі дос сирек кездесетін жасыл гауһар тас тауып алды. Мамандардың бағалауы бойынша оның құны 50 мың доллардан асады, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Sun басылымының жазуынша, алмазды 24 жастағы Сатиш Хатик пен 23 жастағы Саджид Мұхаммед тапқан. Олар жауһарды ресми қалалық бағалаушыға берген. Онда тастың түпнұсқалығы расталып, салмағы 15,34 каратқа жететіні айтылды.
"Бұл өте сирек кездесетін алмаз түрі",- деді бағалаушы Анупама Сингха.
Дегенмен, Үндістан заңнамасына сәйкес жалға алынған учаскелерден табылған барлық гауһар тастар мемлекетке тапсырылып, ресми аукциондар арқылы сатылуы керек. Мұндай сауда-саттықты Үндістан Үкіметі тоқсан сайын өткізеді және бүкіл елден және шетелден сатып алушыларды тартады.
Бұған дейін Қырғызстанда қалың қарды кешіп мектепке барған оқушы Садыр Жапаровтан сыйлық алғанын жазғанбыз.