Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік "Елімай" клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек отбасын құрды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Басылымның хабарлауынша, 22 жастағы спортшының таңдауы – Шығыс Қазақстан облысының тумасы Алтынай есімді ару. Жас жұбайлар, сондай-ақ "Елімай" ФК желідегі парақшасында неке қию рәсімінен фото, видеоны өлісіп, көпшіліктен құттықтау қабылдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от «ЕЛІМАЙ» ФК | FC «ELIMAI» (@fc_elimai)
Ғалымжан Кенжебек бұған дейін де жеке өміріндегі маңызды сәттерін әлеуметтік желі арқылы жариялап жүрген. Ол үйлену туралы ұсыныс жасаған сәтін де жанкүйерлеріне көрсеткен еді.
Басылым мәліметінше, жас футболшыға бірнеше шетелдік клуб қызығушылық танытып отыр деген ақпараттар бар. Кейбір БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Кенжебекпен жеке келісімшарт шарттары талқылануда.
2025 жылы Ғалымжан Кенжебек қазақстандық футболдағы ең жарқын жас ойыншылардың біріне айналды. Ол "Елімай" сапында 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ал ұлттық құрамада 9 ойында 3 гол және 1 нәтижелі пас авторы атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз