Қазақстан Бас прокуратурасында облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлардың қатысуымен, сондай-ақ барлық аумақтық прокуратуралардың онлайн қосылуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Кездесу барысында прокуратура органдарының 2025 жылғы қадағалау қызметінің қорытындылары талқыланды.
Релизге сәйкес, 19 желтоқсанда Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысы Активтерді қайтару комитетін Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне қайта құру туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.
Бас Прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының Активтерді қайтару комитетін Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне қайта құру туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.
Ол Мемлекет басшысымен прокуратураның алдына қойған міндеттердің үлкен жауапкершілік жүктейтінін және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесінде нақты қадамдар қабылдай отырып, сапалық тұрғыдан жаңа деңгейде жұмыс істеуді талап ететінін атап өтті.
"Жаңа Комитеттің басты басымдығы инвестициялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болмақ. Бұл экономикалық өсімді нығайтуға және Қазақстанды сенімді әрі болжамды юрисдикция ретінде қабылдауға деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді." Берік Асылов
Комитет отандық және шетелдік, ірі және орта инвесторлар үшін — экономикамызды дамытуға қаржы, технология және тәжірибе салып отырған әрбір инвестор үшін жүйелі құқықтық қалқанға айналуы тиіс.
Мемлекеттің кепілдіктерімен қатар, инвесторлар да өздеріне алған міндеттемелерді — жобаларды іске асыру, жұмыс орындарын құру және экономиканың нақты секторына үлес қосу жөніндегі міндеттерді адал орындауға тиіс.
Экономика капиталды формалды түрде тартуды емес, оның нақты әрі тиімді қайтарымын талап етеді. Осы орайда прокуратураның рөлі — заңдылықты, ашықтықты және барлық тараптардың жауапкершілігін қамтамасыз ете отырып, теңгерімді сақтау. Осыған байланысты Қазақстанды бүгін де, болашақта да таңдағандардың сенімі тікелей қалыптасады, — деді Берік Асылов.
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Бас прокуратураның Құқықсыз алынған активтерді қайтару комитетін Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп қайта атау уақыты келгенін хабарлады.