Ресейдің бұғатталған активтері қолданылмайды.


Еуроодақ көшбасшылары Киевке 90 миллиард еуро қаржылай көмек беруге уағдаласты. Бұл қаражат ЕО бюджетімен қамтамасыз етілген қарыз ретінде беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC агенттігіне https://www.bbc.com/russian/articles/c3w72pglvgwo сілтеме жасап.

"Украинаға 2026-2027 жылдарға арналған 90 миллиард еуро көлеміндегі қолдау көрсету туралы шешім мақұлданды", – деп жазды Еуроодақ саммитінің төрағасы Антониу Кошта.

Десек те, ол бұл қаражаттың нақты қайдан алынатынын нақтыламады. Reuters агенттігінің жазуынша, қаржы ЕО бюджетінің кепілдігімен тартылмақ.

Бастапқыда Украинаны қаржыландыру Ресейдің резервтері есебінен жүргізілуі тиіс болған. Жоспар бойынша Украина бұл қаражаттың бір бөлігін несие ретінде алады деп көзделген. Соғыс салдарынан 500 миллиард доллардан астам шығын келді деп бағаланып отыр.

Бұғатталған ресейлік активтерді пайдалануға Еуроодаққа мүше Чехия, Венгрия және Словакия басшыларынан бөлек, Италия да күмән келтірген. Сондай-ақ, Бельгия да қолдау білдірмеді. Бұл елде Euroclear депозитарийі орналасқан. Онда Еуропада бұғатталған Кремльдің 193 миллиард еуросы сақтаулы тұр.

Financial Times басылымының жазуынша, Бельгия несиеге байланысты кез келген қаржылық тәуекелді жабу үшін кепілдіктерді талап еткен. Осылайша бұл басқа еуропалық көшбасшылардың тиісті шарттарды қабылдаудан бас тартуына ықпал еткен.