АҚШ билігі грин-карта лотереясын уақытша тоқтатты. Шешімге жақында Браун университетінде болған атыс себеп болған.

Кейінгі уақытта елде иммигранттардың қатысуымен жасалған қылмыс саны көбейген. Трамп әкімшілігі осы мәселені желеу етіп, көші-қон саясатын барынша қатаңдатып жатыр. Ішкі қауіпсіздік министрінің мәліметінше, күдікті 2017 жылы АҚШ-қа дәл осы грин-карта арқылы келген. Бағдарлама қызметі иммигранттарды іріктеудің жаңа тәсілдері әзірленгенше тоқтайды. Нақты қашан іске қосылатыны жайлы ақпарат әзірге белгісіз.