Павлодар қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.


Тергеу барысында жас жігіттің заңсыз интернет-дүкенге жұмысқа орналасып, есірткі заттарын "жасырын қаптама" (закладка) тәсілімен таратуды жоспарлағаны анықталды.

Жүргізілген тінту іс-шаралары кезінде күдіктінің күртешесінің сол жақ қалтасынан ұнтақ түріндегі 6 түйіншек, ал шалбарының артқы қалтасынан тағы бір түйіншек табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттардың құрамында жалпы салмағы 5 грамнан асатын синтетикалық есірткі заттары бар екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.