Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Еурокомиссия сарапшыларымен визалық рәсімдерді жеңілдету мәселесі бойынша келіссөздердің алғашқы кезеңін өткізді.

Тараптар еңбек мигранттары, студенттер, жүк көліктерінің жүргізушілері және туристік топтарға қатысты талаптарды талқылады.

Келіссөздер Ташкент қаласында өтті. Өзбекстан азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету мәселесін Еурокомиссияның ресми күн тәртібіне енгізу үшін бірқатар шарттарды орындау қажет.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар визалық режимді жеңілдетуге қол жеткізу мақсатында келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.

Айта кетейік, биыл қазан айында Өзбекстан мен Еуроодақ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Бұл құжат визалық режимді жеңілдету бойынша ресми келіссөздерді бастауға негіз болды.