Оқыс оқиға барысында жүргізушінің жағдайы нашарлап, есінен танып қалған.
18 желтоқсанда полиция қызметкерлері Қасымхан Даулетов пен Ильяс Өмірзақов 14-шағын ауданына қарсы жол қиылысында Nexia автокөлігінің өртеніп жатқанын байқап, дереу көмектескен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олар қосымша экипаж шақырып, жол қозғалысын уақытша жауып, жедел басқару орталығына хабарлаған.
Кейін оқиға орнына 3 полиция қызметкері келіп, өртті сөндіруге көмектеседі.
Ильяс Өмірзақов пен Қасымхан Даулетов азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін аман алып қалды.