KASE-де доллар 517 теңгеден асты.


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы өсті. Сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 3,54 теңгеге қымбаттап, 517,66 теңге болды.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы — 513,55 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 517,84 теңгеден сатып алынып, 519,76 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 605,01–609,70 теңге, ал рубль 6,38–6,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды


Ал Астанадағы айырбастау орындарында:

  • доллар 514,63 теңгеден сатып алынып, 521,63 теңгеден сатылып жатыр;
  • еуро 600,72–610,73 теңге аралығында;
  • рубль 6,35–6,50 теңге шамасында айырбасталып жатыр.