Фристайл-акробатикадан Қазақстанның ерлер құрамасы Финляндияның Рука қаласындағы Еуропа кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Жарыстың екінші күні ел намысын үш спортшымыз қорғады.

Нәтижесінде Роман Погосян 11-орынға ие болды. Максим Попов жарысты 16-орында аяқтаса, Әмірлан Кәрімбаев 17-орыннан көрінді.

Жеңіс канадалық Габриэль Дионға бұйырды. Екінші орынды Канада өкілі Эллиот Премье иеленді. Ал қола жүлдені Швейцария спортшысы Андрин Лабер жеңіп алды.