Газа секторында енді ашаршылық жоқ. Бұл туралы Азық-түлік қауіпсіздігін бақылаудың халықаралық жүйесі мәлімдеді.

Қазан айында күшіне енген атысты тоқтату режимінің аясында гуманитарлық көмекке қолжетімділік артқан соң, жағдай біршама жақсарған. Дегенмен гуманитарлық дағдарыс әлі де бар. Қыстың ызғары қатты болғанына қарамастан баспанасыз қалған жүздеген мың адам жұқа шатырларда өмір сүруге мәжбүр. Гуманитарлық ұйымдар азық-түлік бағасының шарықтап тұрғанын хабарлайды. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы қақтығыс тағы ушықса, аймақта ашаршылық қайта жайлауы мүмкін деп ескертеді.