Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері өрт кезінде 41 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Қостанай қ. Қобыланды батыр даңғылында бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне келіп түсті, оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. ТЖМ және полиция қызметкерлерінің күшімен 15 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылып, 26 адам баспалдақпен эвакуацияланды.

Өрт сөндіру жасақтарының жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.