Гастроэнтеролог Екатерина Кашух қара және көк шайдың пайдасын салыстырды. РИАМО басылымына берген сұхбатында ол бұл мәселеде шешуші фактор шайдың түрі емес, сусынның қаншалық қою демделгені екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Көк те, қара да шайға арналған шикізат бір өсімдіктен алынады. Айырмашылық тек ферментация деңгейінде", — деп түсіндірді дәрігер.
Ол көк шайда антиоксидант — катехиндер көбірек болатынын, ал қара шайда антиоксидант қасиеті бар басқа қосылыстар — теафлавиндер мол екенін нақтылады.
Кашухтың айтуынша, шайдың денсаулыққа пайдасы оның түріне емес, қалай дайындалғанына байланысты. Гастроэнтеролог өте қою демделген шай (қара да, көк те), әсіресе оны ашқарынға ішсе, қыжылды қоздырып, темірдің сіңуіне кері әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Сонымен қатар, ол асқазаны сезімтал адамдарға қою көк шай көбіне қара шайға қарағанда көбірек зиян болуы мүмкін екенін қосты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!