Бөлімдер
Жаңалықтар

“Қайрат” академиясының түлегі еуропалық клубқа ауысып кетті

“Қайрат” футбол академиясының түлегі Шахмұрат Дәулетов Бельгияның “Генк” клубына ауысты. Жас шабуылшы жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасында ойнап та үлгерген, деп хабарлайды 1bol.kz.

“Kassim – Это Футбол” YouTube-каналына сұхбат берген Шахмұрат өзін болашақта Қазақстан құрамасында көретінін жасырмады.

“Әрине, мен Қазақстан құрамасы үшін ойнаймын, өйткені бұл менің Отаным. Күні бүгінге дейін осы елде тұрдым. Сондықтан, маған таңдау берсе – мен Қазақстанды таңдаймын. Өзіңнің шыққан жеріңді ұмытпау керек. Мені жақын күндері ұлттық құрама сапында күтіңіздер. Қазақстанды әлем чемпионатына шығарамын”, — деді Дәулетов.

Айта кету керек, қазақ футболшысы бұған денйін Түркияның “Антальяспоры” мен Бельгияның “Беерсхот” клубтарында ойнап үлгерген.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз