Келесі жылы "Наурыз" ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру көлемі екі есе артады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған биылғы көрсеткіштердің жоғары болуы себеп. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысы бойынша жоспардың асыра орындалуы да түрткі болған, деп хабарлайды 24.kz.

Өткен он айда елімізде 17 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй қолданысқа берілген. Жауапты министрліктің айтуынша, құрылыс компаниялары жоспарды асыра орындап отыр: жыл соңына дейін 19 млн шаршы метрден асуға тиіс. Былтырғы көрсеткіш те осы шамада болған.

"Наурыз" бағдарламасына биыл 200 млрд теңгеден астам қаражат құйылды. Мемлекет басшысы мен үкіметтің тапсырмасына орай, Отбасы банк бұл қаражатты 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Оның ішінде "Наурыз жұмыскер" бағдарламасы да бар. Биыл оның тиімділігі дәлелденді. Біз тіпті шағын зерттеу де жүргіздік. Нәтижесінде қарыз алушылардың 60 пайызы 35 жасқа толмағандар, яғни жастар екенін анықтадық", — дейді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов.

Құрылыс көлемі артқанымен, оның елдегі урбанистикалық мәселелерді шешуін көздеген де дұрыс. Яғни салынған үйлердің кейін нарықта сұранысқа ие болуы, қайда салынатыны маңызды дейді мамандар.

Министрлік өкілі сондай-ақ келесі жылы жаңа бағдарламалар болмайтынын мәлімдеді. Бұған нарықта ипотекалық өнімдердің жеткілікті болуы себеп.

"Қазір жаңа бағдарламалар енгіземіз деген жоспар жоқ. Нарықта әлеуметтік осал топтарға арналған бағдарламалар, "Наурыз" бар. Отбасы банктің өз бағдарламалары да жетерлік. Сондықтан мемлекет жаңа ипотекалық бағдарлама енгізбейді", — дейді Қуандық Қажкенов.

Баспана news

  • Алматыда жаңартылған талаптардан кейін жалдамалы тұрғын үйлерге кезек күрт өскен
  • Қазақстанда тұрғын үй бағасы күрт өсті
Больше по этой теме

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз