21 желтоқсанға қараған түні мадридтік Реал Ла Лиганың 17-туры аясында Севильяны 2-0 есебімен ұтты. Қарсыластар қақпасына шешуші және жеңісті допты Килиан Мбаппе салып, өзінің кумирі Криштиану Роналдудың рекордын қайталады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Сантьяго Бернабеуде" өткен матчтың 38-минутында Джуд Беллингем есеп ашты. Ал ойын аяқталап тұста Килиан Мбаппе пенальтиді сәтті орындап, ойынға нүкте қойды.

Бұл 2025 жылы Мадрид клубы сапындағы француздың 59-шы голы болды және ол әйгілі Криштиану Роналдудың рекордтық жетістігін қайталады.

Португалдық 2013 жылы корольдік клуб қатарында осындай голдармен ерекшеленген болатын.

Гол соққаннан кейін Мбаппе әл-Насыр капитаның бір жыл бойындағы рекордын қайталағанын оның стилінде өзінше шаттанып, атап көрсетті.

"Бұл — ерекше күн, бүгін менің туған күнім. Мен әрқашан бала кезімнен туған күнімде кәсіби футбол ойынына қатысуды армандайтынымды айтатынмын, әсіресе өз арманымдағы команда сапында. Мақсат жылды жеңіспен аяқтау, клуб тарихындағы ең үздік ойыншы — кумирімнің жетістігін қайталау болды. Менің мерекем оған арналады, ол менің досыма айналды, оған сәлем айтқым келді". Килиан Мбаппе

Нәтижесінде Килиан 2025 жылы "Реал" және Франция құрамасы үшін барлығы 66 гол соқты.

"Біз бұл матчта жеңіп, үш ұпай жинауға тырысуымыз керек еді. Біз жақсы ойнай алатынымызды білеміз және жақсы ойнағымыз да келеді. Келесі жылды сәтті бастауға тырысамыз. Бізде жақсы ойнауға мүмкіндік беретін өзімізге қатысты белгілі бір талаптар мен сыни қасиеттер бар. Біз өз деңгейімізде ойнай алмай жатқанымызды білеміз және оны түзеткіміз келеді". "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо

Күні кеше "Реал" стадионы футболдан 2030 жылғы Әлем кубогының финалын өткізуші басты үміткерлердің бірі болып отырғаны белгілі болды.