Ақтөбе облысында ТЖМ және жергілікті қызметтердің күштері іздестіру операциясын сәтті аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.


Кеше кешкі уақытта Ақтөбе облысының Темір ауданында 1984 жылғы малшыны іздестіру мақсатында іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам 20 желтоқсан күні түстен кейін мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Онымен байланыс болмады.

"Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, ПД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты және Starlink спутниктік байланысы бар ТЖМ тобы жіберілді", – делінген хабарламада.

Бүгін іздестіру тобы жоғалған азаматты Шұбарқұдық кентінен 30 шақырым қашықтықта тапты. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.