Ертең, 22 желтоқсанда Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік өңірлерде қар жауып, жел тұрады. Сонымен бірге оңтүстік шығыста көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматыда түнде көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Қонаевта түнде көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавлда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, орталығында аздаған қар күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семейде күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскеменде түнде қар, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Oңтүстік-шығыстан жел соғады облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтауда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысында қар, күндіз облыстың таулы аудандарында аздаған қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрсын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын. Тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылордда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда жолдарда көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жезқазғанда тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз