Алматы облысында республикалық трассаларда қозғалыс шектелді.


"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ел аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат таратты.

Компания мәліметінше, 2025 жылғы 22 желтоқсан күні сағат 08:00-ден бастап Батыс Қазақстан облысында барлық көлік түрі үшін "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 273–393-шақырым аралығында (Жымпиты кенті – Барбастау кенті) қозғалыс қайта жанданды.

Қозғалысқа шектеу енгізілген учаскелер

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46–66-шақырым аралығында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) қыс мезгілі аяқталғанға дейін сақталады.


Оқи отырыңыз: Қазақстан Миланда өтетін қысқы олимпиадаға тағы 12 лицензия жеңіп алды


Жабық жолдар

Қолайсыз ауа райына байланысты Алматы облысында республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды:

  • "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 25–67-шақырымы (ақылы учаске, Қонаев қаласы маңы);
  • "Алматы – Шелек – Қорғас" автожолының 24–136-шақырымы (ақылы учаске, Шелек ауылы маңы).

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған жолдар 22 желтоқсан күні сағат 11:00-де қайта ашылады.

Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын нақтылап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес беріледі.