Бөлімдер
Жаңалықтар

Боксшы Алуа Балқыбековаға автокөлік сыйға берілді

Бұл туралы Алматы қаласының бокс федерациясы ресми парақшасында хабарлады.

Бейнежазбада әлем чемпионы Алуа Балқыбекованы арнайы марапаттап, автокөлік тарту еткені айқын көрінеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Бұл маңызды оқиға 21 желтоқсанда Алматы қаласында ұйымдастырылған Алматы бокс федерациясының жылдық конференциясы барысында өтті. Сондай-ақ, биылғы жылы әлемдік аренада Қазақстанның абыройын лайықты қорғаған AlmatyBoxingTeam командасының өзге де өкілдеріне құрмет марапаттар мен ақшалай сыйақылар табысталды, – делінген хабарламада.

Өз кезегінде боксшы Алуа Балқыбекова “Алматы Бокс федерациясы әлем чемпионаттарының нәтижесі үшін көлік сыйлады.

Федерация ұжымына еңбегімізді елеп, осындай керемет қолдау көрсетіп жатқанына көп-көп рақмет айтамыз!” деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.