Онкологиялық дертпен күресіп жатқан белгілі актёр, әйгілі "Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисенбиннің қызы мен әріптесі оның қазіргі жағдайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Актёрдің қызы осыдан бірнеше әлеуметтік желіде жазба жариялап, әкесінің хәлі туралы сұраған көпшіліктің сұрағына жауап берген еді.

"Адамдар менен әкемнің жағдайын жиі сұрайды. Бұған біржақты жауап беру қиын. Жағдай әрқалай: кейде жақсы, кейде қиын кездер болады. Біз тек жақсылық жаңалықты бөлісуге тырысамыз, бірақ көп нәрсе кадрдан тыс қалады.

Кейінгі бір жарым жылда ата-анам көп нәрсені бастан кешірді. Ауруханадан ауруханаға, клиникадан клиникаға, таусылмайтын тексерулер, емдеу, химиотерапия және тағы басқа", — деп жазды ол.

Кейінірек ол тағы бір пост жариялап, әкесінің инсульт алғанын және ауруханада дәрігерлердің бақылауында екенін айтты.

Мұрат Бисенбиннің жағдайы туралы оның әріптесі Жан Байжанбаев та айтты. Ол бір жылдан аса онкологиялық дертпен күрескен актёрдің хәлі нашарлап кеткенін жеткізді. Ол Бисенбиннің физикалық тұрғыдан өте қатты әлсірегендіктен, оған шұғыл түрде иммунотерапия қажет екенін мәлімдеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз