"Рэкетир" культтік дилогиясында қылмыстық авторитет Русланның рөлін сомдаған қазақстандық актёр Мұрат Бисембин өткен демалыс күндері ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның қызы Сафия мәлімдеді.

2025 жылғы 21 желтоқсанда ол әкесімен бірге түскен суретті жариялап, былай деп жазды:

"Ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің бақылауында. Инсульт".

Бұдан кейін біраз уақыт өткен соң, аурухана палатасынан тағы бір фотосурет жарияланды. Актёрдің шығармашылығын сүйетін жанкүйерлер пікірлерде оған сауығып кетуін тілеп, қолдау білдіруде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dalí/ ФИТНЕС ТРЕНЕР/ХУДОЖНИК/АЛМАТЫ