Нұра ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған 2391 гектар ауыл шаруашылығының жер учаскесін анықтап, мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қарағанды облысы прокуратурасының мәліметінше, аудан әкімінің өкімі мен аудандық Жер қатынастары бөлімімен жасалған келісім негізінде жер 20 жыл мерзімге шаруа қожалығына жалға берілген. Алайда 2012 жылдан бері бұл жер өз мақсатына сай пайдаланылмай келген.
Прокуратура жүргізген талдау барысында пайдаланылмай жатқан жердің кадастрлық құны 4,78 млрд теңгені құрайтыны анықталды.
Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижелері бойынша жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды және жосықты жер пайдаланушыларға беріледі, — делінген мәліметте.