Қаралы жиында мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, марқұмның әріптестері, шәкірттері және қала тұрғындары төбе көрсетті.
Қоштасу рәсімі Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көрнекті актёр, режиссёр, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов – қазақ халқына өте сыйлы, ең танымал жандардың бірі. Аты аңызға айналған тұлғаны жерлеу рәсімі "Кеңсай-1" зиратында өтеді.
Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында өмірден өткен еді.
Ол қазақ киносы мен театрының алтын қорына енген көптеген рөлді сомдап, бірнеше буын актёрдің қалыптасуына тер төкті.
Марқұмның жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталмақ.