Шымкентте таеквондодан Қазақстан чемпионаты аяқталды (19-22 желтоқсан). Республикалық біріншіліктің соңғы күні тартысқа толы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.


sportarena.kz дерегіне сүйенсек, 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде танымал спортшы Самирхон Абабакиров кілемшеге 63 келідегі әлемдік экс-көшбасшы мәртебесінде шығып, жеңіліп қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Samirhon Ababakirov (@samirkhon_58_)

Жартылай финалда ол күтпеген жерден алматылық Дамир Шуленовке 1:2 есебімен жол беріп, өзі "қола" жүлдені қанағат тұтты.

Самирхон Абабакиров 2003 жылы 26 қыркүйекте Шымкентте дүниеге келген. Жас спортшының манбасы жетістіктерге толы: Универсиада жеңімпазы (2025 – жеке біріншілік), Универсиаданың қола жүлдегері (2025 – командалық біріншілік), World Taekwondo бастамасымен өтетін рейтингтік турнирлердің бірнеше мәрте жүлдегері.

Бұған дейін World Boxing "Жылдың үздік боксшысы" атағынан үміткерлер тізіміне екі қазақстандық боксшыны қосып қойғанын жазғанбыз.