Сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді, жағдай бүгін таңертең Астана уақыты бойынша сағат 9:32-де болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің магнитудасы 5,3 деп хабарланды. Энергетикалық класы K=13,1. Жер сілкінісі Түрікменстан маңында болған.

VolcanoDiscovery.com сайтының хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі 57 км тереңдікте жатыр, жер сілкінісін эпицентрге жақын жердегі кейбір адамдар сезген.

Жер сілкінісінің эпицентріне ең жақын жер: Түрікменстан – 89 км, Әзірбайжан – 120 км және Қазақстан — 132 км.

Жер сілкінісінің сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз