Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.


Алматы қаласының бұрынғы әкімі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", – делінген "Самұрық-Қазына" АҚ таратқан ақпаратта.

Бүгінде "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар. Оның 4-уі – тәуелсіз директор.

Айта кету керек, бұған дейін Ерболат Досаевтың жаңа қызметке тағайындалғанын жазғанбыз.

Ерболат Асқарбекұлы осы жылдың мамыр айында Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды.