Вице-премьер жаңа жүйенің қалай әзірленгенін және оның қауіпсіздігіне кім кепіл болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет брифингінде Серік Жұманғарин өзін «салық реформасының атасы» деп атайтындарға жауап беріп, бұл бағыттағы жұмыстың ашықтығына тоқталды. Оның айтуынша, реформа кездейсоқ болжамдарға емес, халықаралық тәжірибе мен үздік мамандардың сараптамасына сүйеніп жасалған.
«Мұндай маңызды салада эксперимент жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл — кофе қоюымен сәуегейлік жасау емес. Біз бір жыл бойы бизнеспен және қоғаммен ашық талқыладық. Мен бұл реформаның үйлестірілуі мен нәтижесі үшін жауаптымын», деп мәлімдеді вице-премьер.
Министр салық мөлшерлемелерін, соның ішінде ҚҚС пен корпоративтік салықты қайта қарау — экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін әлемдік тәжірибеде жиі қолданылатын шара екенін атап өтті.
Салық берешегі бар кәсіпкерлер қарызын кейінге қалдыра алады
Жұманғариннің пайымдауынша, басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан реформаны асығыс емес, жан-жақты талқылау арқылы жүзеге асырып жатыр.
Мәди Такиев бизнеске жеңілдік жасаудың себебін түсіндірді
Бұған дейін Үкімет басшысы жаңа Бюджет кодексіне сәйкес шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімі әкімдіктердің иелігінде қалатынын атап өтті.