Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жеңіл көлік көшедегі бас шыршаға соғылды. Оқыс оқиға 23 желтоқсанда сағат 03: 00 шамасында болды. Көлік орталық алаңда мерекеге сай безендірілген бас шыршаға соғылып, жүргізушісі дереу оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бейнебақылау камераларындағы жазбалардың арқасында құқық бұзушыны анықтау мүмкін болды. ВАЗ-2105 көлігін тізгіндеген жас жігіт шыршаны айналып өтпек болған, бірақ маневр барысында ол рөлге ие бола алмағаны белгілі болды.

"Жүргізуші шыршаны өз бетінше қалпына келтірді және бұдан былай мұндай әрекеттерді қайталамауға уәде берді. Оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, көлік айыппұл тұрағына қойылды", делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Өскеменде зергерлік дүкенге бас сұққан екеу алтын жүзікті бижутерияға алмастырып кеткені хабарланған.