Мажарстанда жүк көліктерінің жүргізушілері ереуілге шығып, Будапешттің орталық көшелерін жауып тастады. Шерушілер жолақы тарифінің артуына қарсы.
Олар бұл шараның тек ірі жүк көліктеріне қатысты екеніне наразы. Келер жылы күшіне енетін өзгеріс бойынша негізгі жолдарда төлем 50%-ға дейін көтеріліп, айыппұлдар көбейтілмек. Ал билік өкілдері жаңа ереже жүк көліктерінің ауыл аймақтар арқылы өтуін азайтып, экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді деп отыр.