Қызылорда қаласында 21-маршруттағы қоғамдық көлік тұрғындардың наразылығын күшейтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жолаушылардың айтуынша, автобус іші тар, ауа айналымы жоқ, шаң басқан салон тазаланбайды. Қазіргі салқын күннің өзінде халық аялдамада жарты сағаттап автобус күтеді. Жолаушылар саны артқанымен, желіге ескі техника шығарылған.

Соның салдарынан адамдар бір-біріне сыймай, қауіпсіздік пен жайлылық екінші орынға ысырылған.

Ал қала әкімдігі халықтың саны өскенін көріп тұрып, әлі күнге дейін ескі автобуспен «күн көруді» қалыпты жағдайдай қабылдап отыр.