Оған Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады.


Астанада 26-31 желтоқсан аралығында "Соғым-FEST" мерекелік жаңа жылдық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Алаш тас жолы, 35Б мекенжайындағы "Keryen Joly" сауда орталығының автотұрағында өтеді.

Сонымен қатар аталған сауда орталығында осы күндері қала тұрғындарына жақсы таныс қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де өтеді. Мұнда жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет өнімдерін, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді тиімді бағада сатып ала алады.

Жәрмеңкелер әр демалыс күндері таңғы 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке маңынан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.