Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс жасап, Серік Борамбаевты министрдің орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", — делінген хабарламада.

Айта кету керек, Борамбаев Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары болып тамыз айында тағайындалған еді.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің сайтындағы мәліметке сәйкес, Серік Борамбаев 1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген.

Атырау мемлекеттік университетін, Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университетін және Ұлттық қорғаныс университетінің академиялық курстарын бітірген.

Ол PhD докторы дәрежесін, генерал-майор және вице-адмирал әскери атақтарын иеленген.

Әр жылдары Әскери-теңіз институтының штабында түрлі лауазымдар атқарды, Қазақстан ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары және Қазақстан ҚК Әскери-теңіз күштері Бас штабының бастығы қызметтерін атқарды. Кейінірек Қорғаныс министрлігінде және Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штабында жұмыс істеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз