Мемлекеттік әлеуметтік төлем мақсатты жұмсалуы керек. Ел қаржысы ысырап болса, даму да тежеледі.

Бұл — Президент тапсырмасы. Бүгінде масылдық пен мұқтаждықтың аражігін ажыратуға цифрлық технология көмектесіп жатыр. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары биылдың өзінде 30 пайызға азайған.

Атаулы әлеуметтік көмек — тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет беретін қаржылай қолдау. Ол отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы әр өңірге тиесілі кедейік шегінен төмен болған жағдайда тағайындалады. Төлемнің мұндай түрін биыл ел бойынша 54 мың шаңырақ алды. Бұл мақсатқа қазынадан 30,3 млрд теңге жұмсалған. Бір адамға шаққандағы АӘК-тің орташа мөлшері 9 492 теңге шамасында.

АӘК

2025 ж. 54 мың отбасы немесе 290 мыңнан астам адам

30,3 млрд теңге

Бір адамға шаққандағы АӘК-тің орташа мөлшері 9 492 теңге

Дана Байжан, ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаменті басқармасының бас сарапшысы:

- Бүгінгі күнгі есеппен: 66 мың 100 отбасы аэк тағайындаудан бас тартылды. Оның басты себебі жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан, екіншісі әлеуметтік келісімшартты бұзған.

Иә, алмақтың да салмағы бар. Мемлекеттен берілетін уақытша қолдауды майшелпекке айналдырғысы келетіндер қатаң бақыланады. Бүгінде масылдық мен мұқтаждықтың аражігін ажыратуға цифрлық жүйе көмектесіп жатыр. Мобилді қосымша учаскелік комиссиялардың жұмысын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға бағытталған. Нәтижесінде ел бойынша биыл атаулы көмек алушылардың қатары 30,4 пайызға азайыпты.

Дана Байжан, ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаменті басқармасының бас сарапшысы:

- АӘК алушылардың материалдық жағдайын тексеру кезінде пайдаланылатын мобильді қосымшаны енгізу арқылы учаскелік полицияның қызметі цифрландырылды. Цифрландырудың басты мақсаты: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, өтініш берушілердің тұру жағдлайларын объектиікті түрде тіркеу және тексеріс жүргізу, сонымен қатар геолокацияны автоматты түрле айқындау.

Тұрмысы төмен отбасыларға берілетін әлеуметтік көмекті біріздендіруді Президент те қадап тапсырған болатын. Өйткені ел қаржысы ысырап болса, даму да тежеледі. Сондықтан мемлекет тек шын мұқтаждар ғана қол ұшын созады.

Авторлары: Назерке Тоқжан