ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген Астанадағы зәулім үй әлеуметтік мақсаттарға берілмек.
Қазіргі уақытта бұл ғимарат «КУВА» балансында тұр. Әкімдік өтінімді әлі мақұлдаған жоқ, шешім қаралу сатысында.
Ал үйден алынған антиквариаттар – қылыштар, монеталар және бұрынғы ҰҚК басшысының басқа да жеке құнды заттары – сатуға шығарылады. Олар жеке актив ретінде бағаланған, енді оларды не аукцион арқылы жеке сатады, не қайтарылған басқа активтермен біріктіріп, бір лот ретінде ұсынады, деп хабарлайды ORDA.