Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

Сондай-ақ экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. Одан бөлек облыс жұртшылығымен кездеседі деп күтілуде.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз