2027 жылға дейін АҚШ Қытайдан жеткізілетін микрочиптерге баж салығын салмайтын болды.


Вашингтон Бейжіңмен арадағы жағдайды реттеуге ниетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыған дейін Қытай билігі сирек металдар экспортын шектейтінін мәлімдеген болатын. Ал, олардың өніміне америкалық технологиялық компаниялар тәуелді.

Қытай билігі АҚШ-тың жаңа шешіміне әзірге ресми пікір білдірген жоқ. Айта кетейік, биыл күзде АҚШ Қытайдан келетін тауарларға 130 пайыз баж салығын салатынын жариялаған болатын.