Ресейлік кәсіпкер Павел Дуров өзінің донорлық биоматериалын пайдаланып бала көтергісі келетін әйелдерге экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) рәсімін толықтай өзі қаржыландыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Wall Street Journal жазуынша, кәсіпкер өз биоматериалына қолжетімділік қатаң шектелетінін атап өткен.
Бұл ұсыныс тек 38 жасқа толмаған, некеде тұрмайтын әйелдерге қатысты. Осы талаптар сақталған жағдайда, Дуров тек ЭКО шығындарын ғана емес, сондай-ақ өзінің барлық биологиялық балаларын ресми түрде мойындап, оларға мұрагерлік құқығын беруге дайын екенін айтқан.
Миллиардер әлеуметтік желілерде өзінің ықтимал бағдарламасына арналған логотиптің нобайын да жариялады. Сурет торкөз қағазға қолмен салынған. Дөңгелектің ішінде "pd" әріптері бейнеленген, оны кәсіпкердің аты-жөніне қатысты қысқартылған белгі ретінде болжауға болады.
"Жаңа ғана сперма донорлығы бағдарламама арналған логотиптің нобайын салдым. Дөңгелектің ішіндегі "pd" минималистік стильде көріне ме?" – деп жазды Дуров.
Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер сперма донорлығының арқасында оның шамамен жүзге жуық баласы дүниеге келгенін хабарлаған болатын.
Бұған дейін АҚШ-та егеуқұйрықтардың адамдарға шабуылы жиілегенін жазғанбыз.