Экология және табиғи ресурстар министрі 2025 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағында ортаазиялық тасбақа, оның бөліктері мен туындыларын 2040 жылға дейін қолдануға тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды.
Бұйрықта:
"Ортаазиялық тасбақа мен оның бөліктерін және туындыларын Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2040 жылға дейін қолдануға тыйым салу, тек ғылыми мақсатта қолдануға рұқсат беру" делінген.
Бұйрық 2026 жылдың 4 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Ортаазиялық тасбақа, немесе дала тасбақасы, құрлықтық тасбақалар тұқымдасына жатады.
Негізінен шөлді аймақтарда мекендейді. Қазақстанда заңсыз аулау мен сауда құрбаны бола береді.
Мұндай тасбақалар 10-30 жыл өмір сүреді. Дұрыс күтім жасаған жағдайда ұзақ өмір сүруі мүмкін.